АҚШ сүңгуір қайығының Оңтүстік Қытай теңізінде немен соқтығысқаны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Америка бұл іске қатысты қандай шешімге келері әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS Connecticut ядролық сүңгуір қайығы Оңтүстік Қытай теңізінде картада белгіленбеген су асты тауымен соқтығысқан. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз институтының (USNI) жаңалықтар порталы хабарлады.

Басылым 2 қазанда болған оқиғаны тергеу өткен аптада аяқталғанын атап өтті. Бұл оқиғаға қатысты шешімді АҚШ Әскери-теңіз күштерінің жетінші флотының қолбасшысы вице-адмирал Карл Томас қарастырады. Ол болған жағдайға байланысты қандай қосымша шаралар қабылданатындығын анықтауы қажет.

"Тергеу барысында АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS Connecticut сүңгуір қайығы Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық сулардағы картада белгіленбеген су асты тауына тап болғандығы анықталды. АҚШ-тың жетінші флотының қолбасшысы жауапкершілікке тарту ісінің қалай шешілетіні туралы шешім қабылдайды", — деді жетінші флоттың өкілі Хейли Симс.

Айта кетейік, қазан айының басында USS Connecticut американдық ядролық сүңгуір қайығы Оңтүстік Қытай теңізінде белгісіз затпен соқтығысып, 11 теңізші зардап шеккен болатын.