Еуроодақтың "Спутник V" вакцинасын мойындамау себебі айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ең басты себеп заңнамадағы айырмашылықтар болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Еуропалық медициналық агенттіктің (ЕМА) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шенеуніктері "Спутник V" вакцинациясының табыстылығын мойындағысы келмейді. Бұл туралы Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург "Вечерний Москваға"берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, вакцинация науқаны вакцинаның ағзаны COVID-19 штамдарының кең спектрінен қорғауға болатындығын көрсетті. "Алайда, EMA және ДДСҰ шенділері мұны көргісі келмейді", - деді ол.

Гинцбург мұның себебі еуропалық және ресейлік заңнамалардағы айырмашылықтарда болуы мүмкін деп санайды. "Сондай-ақ, Еуропалық қауымдастықтың бірде-бір ресейлік препаратты мойындамағанын ескеру қажет", - деді ол.