Президент Асқар Маминге БҰҰ сессиясына Қазақстан делегациясын бастап баруды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминге Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.