Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Автор: Azattyq Rýhy

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.  

«Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады», – деп жазды Берік Уәли.