Қазан айының 15-22 аралығында мониторингтік топтар 120 рейдтік шара өткізген
Солүстік Қазақстан облысында той жасауға тыйым салынды. Облыста соңғы аптада эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалады. Аталған мерзімде 2 мың адамнан коронавирустық инфекция анықталып, жағымсыз статистиканың өсім көрсеткіші 1,7 есе көбейген. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, Қызылжар өңірі вирус таралу қарқыны бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мамандар эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын карантиндік талаптардың сақталмауымен байланыстырды. Қазан айының 15-22 аралығында мониторингтік топтар 120 рейдтік шара өткізген. 15 кәсіпкерлік нысан басшысы 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді.
«Вакцинация қарқынының әлсіреуі, тұрғындардың сақтық шараларын ұстануының төмендеуі, әсіресе салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде жұқпаның тез таралуына әкелді. Егер апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 200-ден асса, онда біз «қою қызыл» аймаққа көшеміз және барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға тура келеді. Мен барлығын қарапайым ережелерді сақтауға шақырамын: жаппай іс-шараларға қатыспау және ұйымдастырмау, масканы дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, әлеуметтік байланыстар санын және жаппай жиналатын орындарға бару санын азайту, және әрине вакцина алуға шақырамын», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Сонымен қатар «Ashyq» жобасының талаптарын сақтау деңгейі де тексерілді. 93 хаттама толтырылып, 3 млн теңге айыппұл салынды. Өңірде екпе алу қарқыны төмен. Бірінші компонентпен 248 299 егілді, оның ішінде QazVac – 880, Hayat-Vax – 25 674, Спутник V – 193 236, CoronaVac – 7 895, Vero Cell – 13 589, қамту пайызы 66.9%. Ал екінші компонетті 230 928 адам қабылдады. Қамту көрсетшікі – 62.3%. Қазір туәлігіне орта есеппен небәрі 330 адам коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр.
Өңірлік комиссия карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады және 25 қазаннан бастап мынадай шектеулер енгізіледі:
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО