Кеңейтілген отырыс онлайн форматта өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін іс-шара «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.