Бұл туралы Грузияның "Мтавари архи" телеарнасының Facebook парақшасында хабарланды
Грузин телеарнасының хабарлауынша, Саакашвилиді Рустави қаласындағы түрмеде жаңа айыптау туралы қаулыны прокурор оқыған. Онда Грузияның бұрынғы басшысының адвокаттары да болды.
Бұған дейін прокуратура Саакашвилидің Украинадан Грузияға келуінің жай-жапсарын анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, 28 қыркүйекте сағат 23:00-де Поти портына Украинадан келген Вильнюс атты кеме кірді. Аталған кемеден 29 қыркүйек күні сағат 01:04-те сүт өнімдері тиелген тіркемесі бар трейлер шықты. Прокуратурада атап өткендей, Саакашвилидің жүк көлігінде болуы оның телефонынан алынған жазбалармен расталды.