Бір спортшы іріктеуден өте алмады
Ресейде үстел теннисінен бесінші халықаралық турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысып жатыр. Бүгінде екі топтағы іріктеу матчтарын қазақстандықтар сәтті өткізді.
Ескендір Харки, Бақдәулет Әкімәлі, Сарвиноз Мирқадырова, Анель Бақыт және Ангелина Романовская жарысты жеңіспен бастады.
Өкінішке қарай, Ырысбек Артықметов іріктеуден өте алмады.