Екі қазақстандық та Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген
Қазақстан СІМ баспасөз қызметі: "2021 жылы 12 қазанда Чонджуда (Корея Республикасы) Қазақстанның екі азаматы арасында жанжал болып, нәтижесінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды", - деп хабарлады.
Қазіргі уақытта Сеулдегі елшіліктің консулдық бөлімі марқұмның мәйітін Қазақстанға жіберу мәселесін шешуде. Ал кісі өліміне күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторында жатыр.