Оның аштық жариялағанына бірнеше апта болды
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Елизавета Ясько оны ауруханаға жатқызу керектігін айтуда, деп хабарлайды lenta.ru.
Қазіргі уақытта Михаил Саакашвили Рустав түрмесінде жатыр. 15 қазан күні бұрынғы президент медициналық тексеруден өтуге және дәрі қабылдауға келісімін берген еді. Саясаткердің жеке дәрігері Николоз Кипшидзе Саакашвилимен бірнеше күн бұрын кездескенін, алайда содан бері оның жағдайы нашарлағанын айтты. Дәрігерлер консилиумі 19 қазанға жоспарланған.