Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды құттықтады

Автор: Аманалиева Тоғжан

Президент мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты тоқтамайтынын айтты

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұғалімдерін төл мерекесімен құттықтады.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», – деп жазды Президент өзінің Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, қазан айының алғашқы жексенбізі елімізде мұғалімдер күні деп бекітілген.