Президент Шығыс Қазақстан облысына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында хабарлады.

«Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді», - деп жазды Берік Уәли.