Мемлекет басшысы Башқұртстанмен жан-жақты байланыс жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Башқұртстанмен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.
Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.