БҰҰ қарар қабылдады: Ауғанстаннан кеткісі келетіндерге мүмкіндік беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей мен Қытай қарарды қолдап дауыс беруден қалыс қалды

фото: news.un.org

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Талибан» қозғалысынан өз міндеттерін орындап, Ауғанстаннан кеткісі келетін бейбіт халыққа мүмкіндік беруді талап ететін 2593 қарарды мақұлдады.

Франция, Ұлыбритания және АҚШ бастаған Қауіпсіздік кеңесінің 13 мүшесі қарарды қолдап дауыс берді. Ресей мен Қытай қалыс қалды.

Қарарда Ауғанстаннан кеткісі келетін барлық ауғандықтар немесе шетелдік азаматтардың кез келген уақытта әуе немесе құрлық шекаралары арқылы еш кедергісіз елден кетуіне мүмкіндік беретіні айтылған.

Қабылданған қарарға сәйкес, Ауғанстан террористердің плацдармы ретінде пайдаланылмауы керек.