АҚШ Ауғанстандағы операцияға күніне 300 млн доллардан жұмсаған

Автор: Azattyq Rýhy

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған терактіден кейін АҚШ Ауғанстан аумағына әскерін кіргізген болатын

EPA-EFE/JALIL REZAYEE

Ауғанстандағы жиырма жылдық операцияға АҚШ күніне 300 млн доллардан жұмсап келген. Бұл туралы Еуропалық Одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жосеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды ria.ru.

Осылайша, штаттардың елдегі контингентті қолдауға жалпы қаржылық салымдары екі триллион доллардан асып түскен.

Жосеп Боррельдің айтуынша, нәтижелер шығынды ойдағыдай ақтамаған. Биліктің ауысуы халық үшін де, басқа мемлекеттер үшін де күтпеген жағдайға айналды. Тіпті, талибандықтар да бұлай оңай жеңіске жететін білмеген.

«Талибан» (террористік деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммед Наим соғыс аяқталғанын жариялап, жақын арада басқару формасы нақтыланатынын хабарлады.

Қазір елде жалпыға бірдей рақымшылық жарияланды, бірақ көптеген ауғандық әлі де жаңа режимнен қашуға тырысуда.

14 сәуірде Джо Байден АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан биыл 11 қыркүйекке дейін шығарып, 20 жылға созылған қарулы қақтығысты тоқтататынын жариялады.

Естеріңізге салайық, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған терактіден кейін АҚШ Ауғанстан аумағына әскерін кіргізген болатын.