Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуды талқылады
Америка тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, өзекті халықаралық проблемаларды, екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.