Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні
Мемлекет басшысы сыртқы саясат саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру.
Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!» – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.