Президент Әкімшілігі қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті өкімді мемлекет басшысы берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенті Әкімшілігі қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Алмат Байшолақовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмат Мұратұлы Байшолақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.