СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері туралы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараптар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, көпжақты алаңдарда одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жоспарларды белгіледі.
СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.