5 адам жарақат алған
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты күзететін автокөліктердің бірі жол апатына ұшырап, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бір қызметкері қаза тапты деп хабарлайды 24.kg. Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін Ыстық-Көл облысында болған.
«Кортежге бекітілген автокөліктердің бірі Ыстық-Көл ауданына қарасты Ананьево селосы маңында қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан Қауіпсіздік комитетінің 1 қызметкері қаза тауып, үшеуі жарақат алды», - делінген аталған хабарламада.
Анықталғандай, екінші көлікті тізгіндеген жүргізуші мас күйде болған. Ол тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Аталған көлікте болған екі адам да ауруханаға жеткізілді.