Елордада 14 жастағы жеткіншек 20-қабаттан секіріп қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланы өлімге интернет ойын итермелеген болуы мүмкін

Korter.kz

Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйдің 20-қабатынан 14 жасар жеткіншек секіріп кетті деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға болған кезде баланың анасы үйде болған.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, оқиға «Триумф Астаны» тұрғын үй кешенінде болған.

«Елордада «Синий кит» секілді жаңа интернет ойын пайда болғаны туралы әңгіме тарап жатыр. Ойынның келесі кезеңіне өту үшін тапсырмалар орындау керек. Тіпті, өзін өлтіруді де бұйыратын көрінеді», - деп жазды Козачков өзінің Telegram-каналында.

Полиция департаментінде хабарлағандай, 29 мамыр күні түнгі сағат 23;18-де Есіл аудандық Полиция басқармасына Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 20-қабаттан жеткіншек құлап кеткен.

«Алған дене жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Анықталғандай, оқиға болған кезде 14 жастағы баланың анасы үйде болған. Баланың компьютерін тексеру барысында оның суицидке итермелейтін ойын ойнағаны анықталған жоқ. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.