Қазақстан Қырғызстанға көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады

Фото: ашық дереккөзден

Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазғандай, көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі.

Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті.