Президенттің баспасөз хатшысы Ресей тарапынан шақыру келмегенін мәлімдеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», - деп жазды Берік Уәли.