Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Қол қою рәсімі «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің жаңа Конституциясына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап. 

Қол қою рәсімі «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының «Қырғыз республикасының Конституциясы туралы» тиісті құжатына қол қойды. Атап өтсек, жаңа Конституция бойынша референдум 2021 жылдың 11 сәуірінде өтті.

Нәтижесінде жаңа Конституция үшін сайлауға қатысқан азаматтардың 79 пайыздан астамы дауыс берді. Жаңа негізгі заңға сәйкес, Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президентікке ауысты.