ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы қызметінен кетті

Бұл лауазымды енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымынан бас тартып, төрағалықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

Бұл туралы Н.Назарбаев елордада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIX сессиясында айтты.

«Ассамблеяның барлық мүшесіне маған осы уақытқа дейін қолдау көрсетіп келгені үшін алғысымды айтамын. Бұл өте маңызды еді. Бірақ, баршаңызға белгілі, менде ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы бар. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Құзыреттің біразы Мемлекет басшысына жүктеледі. Яғни, барлық мәселеге бір адам жауапты болуы тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырамын», - деді Елбасы.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті төрағасы болуды ұсынды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президентінің жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.