$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 15:57
Саясат

Мәулен Әшімбаев Ресей елшісімен кездесті

Сенат спикері шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор екенін айтты

Мәулен Әшімбаев Ресей елшісімен кездесті
фото: parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің ел Президенттерінің барлық бастамасын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, елдер арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

Серіктес жаңалықтары