Олардың барлығы дерлік елге танымал белсенді азаматтар
Алматыда қоғамдық қолдауы жоғары және мегаполистегі жағдаймен таныс беделді көшбасшылар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша кеңестерге сайланды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамында аталған саланың мамандары, Алматының үкіметтік емес ұйымдарының танымал өкілдері бар.
Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының академигі, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Миразова партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңеске жетекшілік етеді.
Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңесті басқару көрсетілген бағыт бойынша жағдаймен жақсы таныс Ләззат Қалтаеваға сеніп тапсырылды. Бұдан бөлек, кеңес төрайымы – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары үшін Азия-Тынық мұхиты сыйлығының жеңімпазы.
Мәслихат депутаттары Алтынай Көбеева – экологиялық кеңесті, белгілі меценат Қайрат Құдайберген – экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңесті, медицина ғылымдарының докторы, хирург дәрігер Болат Садықов – Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңесті, ал «АЗМК» директоры Шухрад Шардинов – Өңірлік даму жөніндегі кеңесті және «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Арман Жүдебаев жастарды қолдау жөніндегі кеңесті басқарды.
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сөйлеген сөзінде филиал төрағасы және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірлік кеңестердің сапалы құрамын ерекше атап өтті. Кеңес мүшелерінің қатарында Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Ботагөз Құдышева, «медицина» мамандығы бойынша PhD докторы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әсия Ақанова, алматылық ғалым Қазыбек Шайх және басқалар бар.
Отырыс қатысушыларының пікірінше, кәсіби тәжірибе мен жас құрам, партиялық бастамаларды жүзеге асырудағы алдыңғы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктер мен жасампаздықты ұштастыру, сондай–ақ өз қаласына деген сүйіспеншілік пен белсенді азаматтық ұстаным - осының барлығы 9 өңірлік кеңеске кірген алматылықтарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының барлық бағыттарын лайықты орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша кеңестердің жаңадан сайланған мүшелері партияны қайта жүктеудің дұрыс бағытын таңдағанына қуанышты. Бұл қойылған міндеттерді бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Біз бүгін өңірлік кеңестер құрамын толықтырған партия ардагерлері мен праймериз кезеңінде өздерін белсенді көрсеткен жаңа тұлғаларды құттықтаймыз. Бұл ретте ұрпақтар сабақтастығы ерекше сезіледі, жастарға жаңа тәжірибе мен әлеуметтік лифт үшін тамаша алаң ұсынылған. Бүгін партия мүшелері тағы да бірлік пен ынтымақты көрсетті. Біз кеңес мүшелерінің қалалық филиалдың жұмысына қосқан үлесі үшін қуаныштымыз, олар Елбасы мен «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдағы бағытына нақты қолдау көрсетеді, - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Сонымен қатар, Саяси кеңес бюросының отырысында қазақстандық кино және театр актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова басқаратын «Miras» қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Кеңес құрамында мегаполистің шығармашылық тұлғалары бар.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда нұротандықтар зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайтып, ЖЭО-2-ні газдандыруды жоспарлап отыр. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы да бар. Сондай-ақ, 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, 19 емдеу-сауықтыру мекемелерін, 7 жаңа мектеп пен 330 балабақша салу Жол картасында айқындалған.