АҚШ-тың экс-президенті 2021 жылдың 1 мамырына дейін шығарылады деп уәде еткен еді
Джо Байден АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан биыл 11 қыркүйекке дейін шығарып, 20 жылға созылған қарулы қақтығысты тоқтататынын жариялады.
Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы Американың қарулы күштері 2021 жылдың 1 мамырына дейін шығарылады деп уәде еткен еді. Алайда, Байденнің пікірінше, бұл жоспар Талибанмен арадағы шиеленісті ушықтыруы мүмкін. АҚШ президентінің нақты жоспары бүгін жарияланады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ тарапы алдағы уақытта да Ауғанстандағы бітімгерлік шараларға белсене атсалысып, үкімет пен жергілікті әскерге гуманитарлық көмек көрсететін болады.
Естеріңізге салайық, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған терактіден кейін АҚШ Ауғанстан аумағына әскерін кіргізген болатын.