Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті отырысы 28 сәуірде өтеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», - делінген жарлықта.
Жарлыққа сәйкес, ҚР Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.