Руслан Бекетаев Қазақстан атынан ЕЭК министрі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды

фотосурет: eec.eaeunion.org

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша, 5 наурызда Қазақстан атынан ЕЭК алқасының жаңа мүшесі (министр) болып Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның міндетіне Еуразиялық экономикалық одақтағы бизнесті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Әр жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарды. 2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы вице-министрі болды.

Оқи отырыңыз: «Ағасы бардың жағасы бар...»

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Үкімет қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Ол Еуразиялық экономикалық комиссияның бұрынғы министрі Тимур Жақсылықовтың орнына тағайындалды.