БҰҰ Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы шешімін қолдайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан хаттамаға қол қойған 88-ші мемлекет болды

көрнекі сурет

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі 2021 жылдың 2 қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау жөніндегі Қазақстанның шешімін құптайды.

«Халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес тиісті құқықтық кепілдіктерді пайдалана отырып, қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстанмен өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз», - деп атап өтті БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Миттал.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативтік хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырды. 2021 жылдың қаңтарында Президент өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстан хаттамаға қол қойған 88-ші мемлекет болды.