Қазақстан елшісі Мажарстан мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасарымен кездесті
Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесіп, екі елдің парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму келешегін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елші сұхбаттасушыны елде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктер туралы хабарлады.
Өз кезегінде Ш. Лежак Қазақстанды 30 жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.