Ұлыбритания билігі БҰҰ-дан аталған елдерде тексеріс жүргізуді талап етті
Лондонның талабы бойынша БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ресей, Беларусь, Қытай және Мьянмада қалыптасқан жағдайға жауап беруі керек. Бұл туралы Ұлыбритания СІМ басшысы Доминик Рааб дүйсенбіде Женевада өткен кеңестің 46-шы сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Раабтың мәліметінше, аталған елдерде адам құқығы жүйелі түрде бұзылады. Сол себепті бұл халықаралық қоғамдастықтың келісілген әрекеттерін талап етеді.
Ол Алексей Навальныймен болған жағдайға байланысты кеңес мүшелерін «Ресей билігінің іс-әрекетін адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкестігін» қарауға шақырды.
Беларусь Республикасындағы жағдайға тоқталған британдық министр өткен жылы елде болған сайлауды «президент Лукашенконың тұрғындарды аяусыз басуы адам құқықтары саласындағы дағдарысқа әкелді» деп мәлімдеді.
СІМ хабарлағандай, министрдің сөйлеген сөзінің жеке бөлігі Қытай билігіне арналды. Ол Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданын (ШҰАА) адам құқығы сақталмайтын аймақ деп атап өтті.
Мьянмадағы жағдайға тоқталған британдық дипломатия басшысы бұл елдегі жағдай нашарлай түскенін мәлімдеді.