Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды және спортпен көбірек шұғылдануға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев Instagram -дағы парақшасында.