Тоқаев бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды

фотосурет: Болат Иманбаев, Сергей Нұртаев, Болат Нүсіпов

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстанның Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Аргентинадағы, Чилидегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Болат Бәриұлы Иманбаев ҚР-ның Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол ҚР-ның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ҚР-ның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швециядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол ҚР-ның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ҚР-ның Мальта, Сан-Маринодағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.