Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы - Жанат Элиманов
Мемлекет басшысының өкімімен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының үш орынбасары тағайындалды:
Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Президент жарлығымен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып Жанат Қалдыбекұлы Элиманов тағайынды.
Жаңа агенттікке Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.
Жаңа агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.
Мемлекет басшысы ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның құрамы мен ережесін бекітуді тапсырды.