Жээнбеков әйелімен бірге Қырғызстаннан кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Экс-президент Бішкекке 10 күннен соң оралады

фото: 24.kg

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков жары Айгүлмен бірге Қырғызстаннан кетті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады.

Сооронбай Жээнбеков 1 ақпанда «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кетті. Содан кейін ол Джидда (Сауд Арабиясы) қаласына кіші қажылыққа барады. Жээнбеков қажылыққа баруды өткен жылдың қарашасынан бері жоспарлаған, бірақ пандемияға байланысты бұл жоспары орындалмай келді. Кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа созылады, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралады.

Айта кетейік, былтыр 5 қазанында Қырғызстандағы парламент сайлауының нәтижесіне топ көшеге шығып, елде жаппай тәртіпсіздік басталды. Осы оқиғадан кейін 10 күннен соң Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстанда президент сайлауы өтіп, билікке Садыр Жапаров келді.