Сыртқы істер министрлігі 2020 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның сыртқы саясатын одан ары іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені айқындалды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен ведомствоның басшылық құрамының қатысуымен алқа отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министірлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Қазақстанның сыртқы саясатын одан ары іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені айқындалды.

Мемлекет Тәуелсіздігінің алдағы 30 жылдығына ерекше назар аударылып, сыртқы саяси бастамаларды ілгерілету және Халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.