Атырау облысы Құрманғазы ауданында 2025 жылға дейін бизнесті дамыту жоспарланған
Өңірдегі шағын және орта бизнес жұмыспен қамтамасыз етуде және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуда шешуші рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Алайда, Соvid-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендетуіне айтарлықтай әсер етті. Төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 1600-ге жуық адамы бар 970 шағын және орта кәсіпкерлік субъект өз қызметін тоқтатты.
Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
«Nur Otan» партиясы келесідей міндеттерді қояды:
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 9 жобаны іске асыру, оның ішінде:
2025 жылға дейін «Бизнес аймақ» өңірлік бағдарламасымен ауыл бизнесін дамыту мақсатында 35 жобаға (2021 жыл – 8, 2022 жыл – 8 жоба, 2023 жыл – 8, 2024 жыл – 9, 2025 жыл – 9) шағын несие беру;
2025 жылға дейін «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 11 жобаға (2021 жыл – 2, 2022 жыл – 2, 2023 жыл – 2, 2024 жыл – 2, 2025 жыл – 3) қайтарымсыз гранттар беру;
2025 жылға дейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша аудан кәсіпкерлік субъектілеріне 35 жобаға шағын несие беру.
Соның нәтижесінде 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 2,5 мыңға жеткізіп, онда жұмыскер санын 3,8 мыңға, жалпы өңірлік өнім бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 47,2 пайызға жететін болады.
Сабыржан Сұлтанов, Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді