Олардың тең жартысы ұл, қалған жартысы қыз бала
1 қаңтардың 12:00 сағатына сәйкес елордада 32 бала дүние есігін ашты, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінде түнгі 00:00-ден қазіргі уақытқа дейін 16 қыз және 16 ұл бала туылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға көп көрсеткіш.
Елордада тәулігіне орта есеппен, 30-35 бала дүниеге келеді.