Nur Otan Павлодар облысындағы жұмыссыз жастардың проблемасын шешпек

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ, кәсіп ашуға көмектеседі

«Nur Otan» партиясы жыл сайын Павлодар облысында кемінде 3 мың жасты жұмысқа орналастыруға, өз ісін ашуға көмектесуді көздеп отыр. Сондай-ақ, бір жарым мың жас кәсіпкердің грант алуына жәрдемдесуге ниетті. Осы секілді басқа да шараларды қосқан кезде алдағы бес жылда 15 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туады. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан кандидат Мирхат Мұсанап айтты.

Үміткер өзінің әріптесі, облыстық мәслихат депутаттығына тағы бір кандидат Серік Сәдуақасов және партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге «Береке-2004» ЖШС еңбеккерлерімен ZOOM платформасындағы үгіт-насихат кездесуін өткізген болатын. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде жастар саясаты мен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралардың маңызы зорын айтты.

«Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында партия облыс қалаларының көшелеріне бейнекамералар орнатуға, аулаішілік аумақтарды жарықтандыруды жақсартуға қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, полицияның жас қоғамдық көмекшілерін екі жарымға жеткізетін боламыз», - дейді кандидат М.Мұсанап.

Кездесу барысында кандидаттар облыстық «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жеті басым бағыттан тұратын тезистеріне тоқталды. Еңбек ұжымының өкілдері кандидаттарға сайлаудың жаңа форматы, пандемияның қазіргі жағдайы, жолдардың жөнделуі, үйлерді басқарудың жаңа жүйесіне айналған мүлік иелерінің бірлестігі туралы сұрады. Жиын соңында кандидаттар қатысушыларға өздерін сайлаушылар тізімінен ЖСН арқылы тексеруге болатынын ескертті.

Сайлаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған кандидаттар, алдағы 10-қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді