Мемлекет басшысы Бюджет туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады

 

ҚР Президенті Қасым-Жлмарт Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.