Оның құттықтауы Twitter-де жарияланды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», - деді Президент.
Айта кетсек, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.