Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген ақпаратта.
Айта кетерлігі, Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.