Тоқаев пен Путин қатысады деп жоспарланған Көкшетаудағы форум келесі жылға қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Әу бастағы жоспар бойынша форум 2020 жылдың қарашасында өтуі тиіс еді

Сурет: 2019 жылы Омбы қаласында өткен форум

Өткен жылы дәстүрлі Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы Омбы қаласында өтті. Сол кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы форум Көкшетау қаласында өтетінін мәлімдеді.

Алайда, қараша айының екінші жартысында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды.

Енді Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен болатын форум 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетін болды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді. Форумның кейінге қалдырылуына пандемия себеп болған.