Оған Қордың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді
«Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.
«Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз», – деді Елбасы.