Тоқаев Украина президентіне саулық тіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Ол әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңетінімізді айтты

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясын жұқтырған Украина Президентіне саулық тіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Украина Президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз», – деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.