АҚШ-та сайлау нәтижелері шықпай жатып тәртіпсіздіктер басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ереуілге шыққандар дауыстарды санауды тоқтатуды талап етті

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың бірқатар қаласында 3 қарашада өткен президенттік сайлаудан кейін наразылықтар басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Жүздеген жергілікті тұрғын Нью-Йорк көшелеріне баннерлермен шығып, хормен «әр дауысты санаңыз» деп айқайлады.

Куәгерлердің айтуынша, наразылық акциясына қатысушылардың көпшілігі – демократиялық кандидат Джо Байденнің жақтастары. Мичиган штатындағы Детройт қаласында республикалық кандидат Дональд Трамптың жақтастары да қала көшелеріне шықты. Жиналғандар бюллетеньдер өңделетін ғимаратқа бет алды. Манифестанттар дауыстарды санауды тоқтатуды талап етті.

Айта кетерлігі, бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың штабы Висконсин, Мичиган және Пенсильваниядағы сайлау нәтижесіне күмәнданды. Адвокат саясаткер Рудольф Джулианидің айтуынша, бақылаушыларға бюллетеньдерді қарауға рұқсат етілмеген. Адвокат демократтарды «өлі жандар» мен жалған адамдардың көмегімен дауыс беріп, сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыптады.

Еске сала кетейік, 3 қарашада АҚШ-та жалпы сайлау күні өтті. Азаматтар президент пен вице-президентті, сондай-ақ 35 сенаторды, өкілдер палатасын, 13 губернаторды және жергілікті билік өкілдерін сайлады. Қазіргі мемлекет басшысы, республикашыл Дональд Трамп және Барак Обаманың кезінде вице-президент қызметін атқарған демократ Джо Байден ең жоғары лауазым үшін күресуде.