Әзірге кімнің басымдықта тұрғаны белгісіз
АҚШ-та 3 қарашада Президент сайлауы өтті, республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден мемлекет басшысы болуға үміткер, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Америка дауысы» тікелей эфирде дауыс беру процесін көрсетті.
Ең негізгі Флорида мен Техас штаттарындағы дауыс берудің алғашқы нәтижелері Трамп пен Байденнің тепе-тең дауыс жинағанын көрсетті.
Ал Техас штатындағы сайлау нәтижесі бойынша, Байден көш бастап тұр. Бюллетеньдердің 46 пайызын санағаннан кейін ол үш миллионнан астам дауыс жинады. Трампқа 2,9 миллион адам бұл штатта дауыс берген.
Вашингтондағы америкалық институттың профессоры Питер Кузниктің айтуынша, Трамптың Техастағы жеңілісі оның қайта сайлану перспективаларын тоқтатады.
«Егер Трамп Техасты жоғалтса, ол үшін бәрі аяқталды деген сөз», - деді Кузник «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Флорида штатында дауыстардың 88 пайызы саналғаннан кейін, Трамп алға шықты. Оның 5,3 миллион дауысы бар, ал Байден шамамен 250 мың дауысқа ие.
Сымбат Ғалымжан