Елбасы партияның кезектен тыс XX съезін өткізу туралы қаулыға қол қойды
Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылғы 25 қарашада өткізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісінде хабарлады.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросы 2020 жылғы 24 қарашада өтеді.
21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді.